Павлодар облысының әкімі дарынды оқушылармен кездесті

Фотография - Павлодар облысының әкімі дарынды оқушылармен кездесті

 Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын Балаларды қорғау күні игі дәстүр бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми сындардың жүлдегерлерімен кездесті. Бұл туралы өңір жетекшісінің баспасөз қызметінен хабарлады.

168 0

 Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын Балаларды қорғау күні игі дәстүр бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми сындардың жүлдегерлерімен кездесті.

Бұл туралы өңір жетекшісінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Биылғы оқу жылында халықаралық және республикалық жарыстардан 66 павлодарлық оқушы олжалы оралды. Олар елімізде және Швеция, Индонезия, Белоруссия, Эстония, Әзербайжан, Ресейде өткен білім бәсекесінде 30 алтын, 45 күміс, 75 қола медаль еншіледі.

«Сіздердің жеңістеріңіз - бұл тынбай еңбектенудің, алға ұмтылудың, жігерлілік пен төзімділіктің нәтижесі. Сіздер кәсіби таңдау жолында алғашқы қадам жасап, болашақтың  кірпішін нық қаладыңыздар», - деп атап өтті дарынды балаларға қарата аймақ жетекшісі Ерлан Арын.

Е. Арын салтанатты жиынға қатысушыларға «Дарын-2013» белгісін табыстап, сыйлықтармен марапаттады.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!