Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 69 жас

Фотография - Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 69 жас

Бұл мәселе бүгін Алматыда өтіп жатқан «Белсенді өмір сүру» атты І Халықаралық форумда талқылануда.

305 0

Қазақстанда халықтың өмір сүру жасының орташа ұзақтығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағы  орта көрсеткіштен біршама төмен.

Бұл мәселе бүгін Алматыда өтіп жатқан «Белсенді өмір сүру» атты І Халықаралық форумда талқылануда.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштеріне сәйкес,  халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде - 80,2 жасты, әйелдерде 85 жасты құрайды. Болашақта ол 90 жастан аспақ. Сондықтан бұл форумда халықтың өмір сүру жасын ұлғайтуға қатысты жаңа көзқарастар қаралып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының есебі талқыланады», - дейді Қазақ тағамтану академиясының президенті,  ҚР ҰҒА академигі Төрегелді Шарманов.

Профессор Т.Шармановтың айтуынша, қартаюды ауыру деп қарамай, жастың ұзақтығын жақсы жағынан көрсету керек. Мәселен, Жапония сияқты елдерде халықтың орташа өмір сүру жасы 90-ға жуықтады. Ал бұрынғы кеңестік республикалардағы халықтың орташа өмір сүру жасы өзге дамыған елдерден айтарлықтай төмен. Мәселен ол қазір Қазақстанда - 69, Ресейде - 66 жасты құрап отыр.

Т.Шарманұлының сөзіне қарағанда: «Салауатты өмір сүруді біз кей кезде біржақты түсініп, теріс жолға түсіп кетеміз. Бұл мәселеге ерекше мән беру керек. Мәселен, Өмір сүру орталығының сарапшылары ұзақ өмір сүрген адамдарды зерттеу нәтижесінде мынадай  негізгі 3 жәйтті анықтады. Олар - адамның  қоғамға жақсы көзқараспен қарауы, нерв жүйесінің тұрақты болуы және тамақтану режимін сақтауы». 


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!