Ресейлік тележүргізуші қымыз дайындауды үйренбек

Фотография - Ресейлік тележүргізуші қымыз дайындауды үйренбек

Бағдарлама "Россия 2" телеарнасында шығады

272 0

Ресейдің «Язь против еды» аспаздық бағдарламасы бір санын қазақтың ұлттық тағамына арнады. Бағдарлама "Россия 2" телеарнасында шығады.

Язь лақаб атымен танымал шоу жүргізушісі Виктор Гончаренко бағдарламаның кезекті санын дайындау үшін түсіру тобымен бірге Қазақстанға келді. Язь қазақ даласында бүркітті құсқа салып, ат үстінде ұлттық сусын қымыз дайындауды үйреніп жатыр. Бұған қоса көкпардың ережелерін үйренуге ниетті, ол атқа қонып бәйгеге де араласып көрді. Мереке қарсаңында Язь дүйім жұртқа бесмармақ жасауға бел буып отыр.

Гончаренко Яхрень көлінен аулаған салмағы бір келі тартатын аққайран балығын Интернетте жариялағаннан кейін танымал болды. Роликті миллионнан астам адам тамашалаған. Гончаренконың осы ролигіне көптеген пародиялар жасалып, оған Язь лақабы берілген.

Шоу жүргізушісі бағдарламаның алғашқы маусымында ең үлкен әрі ерекше тағам дайындау үшін Ресейдің өңірлерін аралаған болатын. Ал екінші маусымда ТМД мемлекеттері мен әлемді шарламақ.


Тегтер:

телевидение

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!