Алматыда имамдар курсы ашылды

Фотография - Алматыда имамдар курсы ашылды

деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі

279 0

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мешіттердің қасынан діни сауат ашу курстары ашылып қалың қаумның діни ілімі кеңею үстінде. Асыл дінімізде ағаш бесіктен жер бесікке дейін ілім алу парыз екені тайға таңба басқандай айтылған. Соның бір дәлелі ҚМДБ-ның төрағасы Е.Маямеорв апсырмасымен Алматы облысы, Алматы өңірі облыстық «Қарасай батыр» мешіті өңірдегі имам-молдалардың діни, әлеуметтік білімдерін жетілдіру мақсатында 7 күндік семинар-трениг ұйымдастырылды, - деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Бұл семинар Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы Құл Қожа Ахмет Иассауй білім және парасат қоғамдық қорының оқу ғимаратында өткізілуде. Бір апталық имамдардың білімін жетілдіру семинарының алдын ала әзірленген бағдарламасына сәйкес имамдар бүгін таң намазын оқып, Құран хадистерін пысықтады. Салауатты өмір салтын ұстанған имамдар ертеңгілік дәрістен соң спорттық жаттығулар жасады. Бұл семинарды ҚМДБ-ның уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров ашып, алғашқы дәрісін бастап та кетті. Семинарға барлығы 130 имам қатысуда. Оларға ақида, фиқһ, мазхабтар тарихы бойынша ҚМДБ-нан арнайы ұстаздар келіп, дәріс беруде. Дін істері агенттігінің Алматы облысы департаментінен, тиісті мекемелерден, әлеуметтану, заңтану, психология, саясаттану салалары бойынша да арнайы мамандар келіп дәрістер жүргізу жоспарға енгізіліп отыр. Бұл семинардың басты мақсаты имамдардың білімдерін жетілдіріп, қазіргі заман талабына сай көкжиегін кеңейту. Сол арқылы Ислам дінінің ақиқатын бұқара халыққа дұрыс жеткізіп,елдің береке-бірлігін алып, саналарын сан тарапқа жөнелтіп жүрген жат ағым-топтарға тосқауыл бола білу.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!