Алматы әкімдігінің алдына адамдар жиналып Ахметжан Есімовпен кездесуді талап етуде (фото)

Фотография - Алматы әкімдігінің алдына адамдар жиналып Ахметжан Есімовпен кездесуді талап етуде (фото)

Ондаған алматылықтар әкіммен кездесіп қаладағы түйіткілді мәселелерді талқыға саламыз деген нетпен қала әкімшілігінің алдына келіп тұр.

187 0

Ондаған алматылықтар әкіммен кездесіп қаладағы түйіткілді мәселелерді талқыға саламыз деген нетпен қала әкімшілігінің алдына келіп тұр.

Әкімшілік алдына жұмысшылар мен жұмыссыздар бірлестігінің өкілдері, алданған үлескерлер, зейнеткерлер, желтоқсан оқиғасына қатысушылар және тағы басқалар жиналған. Олардың сөзіне қарағанда бұл әкіммен кездесудің жалғыз-ақ амалы.

«Азаматтардың қала әкімімен кездесуге құқы бар. Әкімнің азаматтарды қабылдау кестесі жоқ, ал біз жай ғана онымен кездескіміз келеді. Бірақ әрдайым жолыға алмай қаламыз. Ол осында қанша жыл отыр, 5-7? Адамдармен дұрыс кездескен емес, қабылдауларға назар аудармайды. Сондықтан біздің соңғы мүмкіндігіміз – барлық қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтар арасында әрекеттерімізді бағдарлап алу», – дейді «Алматы қаласының жұмысшылары мен жұмыссыздар бірлестігінің» басшысы Ермек Нарынбаев Today.Kz тілшісіне.

Көтермек мәселелерінің тақырыптары өте өзекті.

«Біз кездесіп, қаладағы түйткілді мәселелерді талқылағымыз келеді: жолдарды да, ТКШ-ні де, жемқорлықты да, тіпті қарапайым әкімдіктің жұмысы жайында», – дейді ол.

Жиналғандардың арасында жылдар бойы әкімшілік табалдырығын тоздырған жандар да бар болып шықты.

«Мен алданған үлескермін. Қабылдауға кіре алмай жүргеніме  бес жыл болды», – дейді Жиембаев Мұқан.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібеков қамауға алынған болатын. Мұның алдында ол әкімшілік алдына 500 адам ертіп келетіндігін айтқан болатын.

«Оны бір сағаттан кейін босататынына сенімдімін, менің ойымша бұл шарамызды болдырмаудың амалы», – дейді Нарынбаев.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!