ҚМДБ жас жұбайларға жаңа сыйлық ұсынбақ

Фотография - ҚМДБ жас жұбайларға жаңа сыйлық ұсынбақ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен «Ақ неке» кітапшасы және «Мұсылман неке куәлігі» жарық көрді

310 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен «Ақ неке» кітапшасы және «Мұсылман неке куәлігі» жарық көрді,- деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі. 

Отбасының бақыты – ақ неке, ал берекесі – имандылық. «Өмір – теңіз, жүзіп өтем демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз», – деген екен әйгілі Рудаки. Жанұя – шағын мемлекет. Ал үлкен мемлекеттің негізі екі жастың ақ некесінен басталады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуы отбасыдан басталары хақ. Кез келген пенденің ар-ұятының, ақыл-ойының, адамгершілік пен ізгілікке ұласқан тәлім-тәрбиесінің қалыптасып, дамуы отбасыдан бастау алатыны басы ашық мәселе. Абыз ақсақалдар, батагөй қариялар жаңа өмірге қадам басып, отбасын құрған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.

«Ақ неке» атты шағын еңбекте жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлар үшін ақ некенің қадірі мен қасиеті, иманды отбасының ерекшеліктері түсіндірілген. Кітапша иманды жанұя мәселелеріне қызығушылық танытқан ізденушілерге, жас жұбайлар мен қыз-келіншектерге арналған.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!