Оңтүстік Қазақстанда аптап ыстық болады

Фотография - Оңтүстік Қазақстанда аптап ыстық болады

Синоптик мамандардың болжауы бойынша алдағы демалыс күндері Оңтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы +42 градусқа көтеріледі. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда тым жоғары дейді олар. Осыған байланысты медицина мамандары кейбір ауру түрлерінен ыстық күндері сақ болуды ескертеді. 

189 0

Синоптик мамандардың болжауы бойынша алдағы демалыс күндері Оңтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы +42 градусқа көтеріледі. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда тым жоғары дейді олар. Осыған байланысты медицина мамандары кейбір ауру түрлерінен ыстық күндері сақ болуды ескертеді. 

«Бірнеше күн бұрын өте ыстық болды. Бірақ температура мөлшері +33 градустан аспаған болатын. Бұл маусым айы үшін қалыпты жағдай. Аптап ыстық байқалмады. Алдағы 2 күнде де қатты ыстық байқалмайды. +30 градустан жоғары температура болмайды деп күтілуде. Ал, 7-9 маусым аралығында +42 градус болатын ыстық ауа-райы болады» деп «Қазгидромет» орталығының инженер-синоптигі Жанат Жарменова хабарлайды.

Құрғақ әрі ыстық тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізері анық дейді дәрігерлер. Қазіргі күннің өзінде температураның көтерілуі әсерінен жедел жәрдем шақыртқандардың саны 900-ден 1200 адамға көбейген. Негізінен осы уақытта дәрігерлердің қызметіне жүгінетіндер жүрек қағысы, қан аздығымен ауыратындар екен.

«Шақыртулар саны күннің ыстығынан көбейіп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда арта түскені байқалады. Тіпті балалардың арасында да дәрігер шақырту көбейе түскен. 2012 жылы жедел жәрдемге жүгінген балалар 1000 адамға шаққанда 15-16 % болса, осы жылы 20 %-ті құрап отыр» дейді бас дәрігердің орынбасары Татьяна Гольдина.

Аптаған ыстық ұзаққа созылмайды. Маусымның екніші он күндігінде ауа температурасы түнде 11+16, күндіз 24+29 градус аралығында болады дейді мамандар.


Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!