Браконьерлерден 1 тоннаға тарта бекіре тұқымдас балық алынды - Каспий

Фотография - Браконьерлерден 1 тоннаға тарта бекіре тұқымдас балық алынды - Каспий

Ағымдағы жылғы сәуір мен мамыр аралығында Орал-Каспий бассейні аумағында браконьерлердің жолын кесуге бағытталған «Бекіре» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

191 0

Ағымдағы жылғы сәуір мен мамыр аралығында Орал-Каспий бассейні аумағында браконьерлердің жолын кесуге бағытталған «Бекіре» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараны өткізуге Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары ІІД-нің және Батыс өңірлік көліктегі полиция күштері мен құралдары жұмылдырылған.

Аталған іс-шара ҰҚК-нің Шекара қызметі, Табиғатты қорғау прокуратурасы, Кедендік бақылау және балықты қорғау органдарымен бірлесе өткізілді. Оның шеңберінде шеңберінде, заңсыз балық аулау, сатып алу, сату фактілерін ашу, балық және балық өнімдерін көлік құралдарымен тасымалдауға жол бермеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

«Маңғыстау облысы ІІД-нің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумақтық суларында заңсыз балық аулаумен айналысқан 15 шетел азаматы бар (Әзірбайжан Республикасының 5 азаматы және Ресей Федерациясының 10 азаматы) 5 байданы ұстады.

Жалпы іс-шаралар нәтижесі бойынша 1,5 мыңнан астам заңсыз балық аулау, 11 - сатып алу мен сату, 55 - балық және балық өнімдерін тасымалдау фактілері анықталды», - делінеді хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің хабарлағанындай, іс-шара нәтижесінде 1,5 мыңнан астам құқық бұзушы ұсталды, олардан 64 тоннадан астам, оның ішінде 921 келі бекіре тұқымдас балық және 10 келі уылдырық алынды. Сонымен қатар 1,2 мыңнан астам аулау және 74 жүзу құралы тәркіленіп алынды. 127 қылмыстық іс қозғалып, олардың  42-сі сотқа жолданды. 1,2 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылып, 3,4 миллион теңгеге әкімшілік айыппұл өндірілді. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері бойынша келтірілген зиян сомасы 14 миллион теңгені құрады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!