ШҚО-да білім саласы қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктелді

Фотография - ШҚО-да білім саласы қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктелді

 Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар білім басқармасында қызметкерлермен кездесіп, жиын өткізді, - деп хабарлайды ШҚО білім басқармасы баспасөз хатшысы Жанболат Санияз.

236 0

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар білім басқармасында қызметкерлермен кездесіп, жиын өткізді. Жиын мақсаты жақында ғана жаңа қызметке тағайындалғаннан соң және облыстағы білім саласына тікелей жетекшілік ететіндіктен бүгінгі таңдағы білім саласының тыныс тіршілігімен нақты танысып, алдағы атқарылатын жұмыстарды нақты талқылау болды. Басқосуға басқарма басшысымен бірге бөлім басшылары және орталықтар директорлары қатысты.

Кездесуде облыс әкімінің орынбасарына білім басқармасының басшысы М.Ахметова ұстаздардың білім беру деңгейін арттыру мәселесі мен оқушылардың арасында атқарылып жатқан тәрбие жұмыстары туралы айтып берді. Сала басшысы облыстағы мектептердің жайын да назардан тыс қалдырмады.

Еліміз бойынша алғаш рет өңірімізде өткен ата-аналар қоғамдарының форумы мен I математика пәні мұғалімдерінің форумы және әлемнің бес елі мен облыстарымыздан 160 дарынды балалар қатысқан, Қанипа Бітібаеваның атына өткен қазақ тілі мен әдебиетінен Халықаралық олимпиада секілді тағы да басқа іс-шаралар облысымызда көптеп өткізілуде. Облыс басшысының орынбасары осы секілді іс-шаралар ұстаздар мен оқушыларға және ата-аналарға өз пайдасын тигізу үшін жұмыс жасауымыз қажет – деді. Сонымен қатар, Жақсылық Омар Ұлттық Бірыңғай Тестілеу жайына тоқталып, білім саласының жұмысын бұдан әрі дамыта түсу үшін мамандарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Тегтер:

тіл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!