Эмбриологтар шәует тапсыратын донорлардың аздығына шағымданды

Фотография - Эмбриологтар шәует тапсыратын донорлардың аздығына шағымданды

Елімізде шәует тапсыратын донорлар жетіспейді. Ал аталық ұрықтың 50 пайызы әйелді жүкті етуге қауқарсыз

578 0

Елімізде шәует тапсыратын донорлар жетіспейді. Ал аталық ұрықтың 50 пайызы әйелді жүкті етуге қауқарсыз. Республикамыздағы көптеген отбасы, бүгінде осындай күрделі мәселемен кездесуде. Сондықтан, олар донордың көмегіне жүгінуге мәжбүр.

Қазір, зертханада ер адамның шәуеті арнайы сұйықтықтың көмегімен шексіз мерзімге тоңазытып сақталуда. Жасанды ұрықтандыру орталығана күніне 100 ер адам донор боламын, - деп келетін көрінеді. Алайда, олардың тек 10 пайызы ғана жарамды. Ал, ер азаматтың бұл мәрттігі 10 мың теңгеге бағаланады.

"Қазіргі экология, келеңсіз жағдайлар, психикалық күйзелістер осының барлығы аталық ұрыққа кері әсерін тигізеді. Қазір, жас адамдардың көбісі тексерілуде. Өткен жылмен салыстырсақ, биыл тексерушілер саны өте көп. Донорлық мәселе де әлем бойынша өзекті. Донорлық қиын тақырыптардың бірі", - дейді уролог-андролог Роман Безруков.

Донор еркектің шәуеті құйылған түтікте сандар мен әріптер ғана. Бұдан басқа ешқандай мәлімет болмайды. Ал, жасанды түрде ұрықтанғысы келген әйелге донордың аты-жөні айтылмайды. Барлығы құпия. Тек, оның түр сипаты мен әдеті, қылықтары, білімі жайында мағұлмат ғана жарияланады.

"Біз Қазақстанда тұрғандықтан қазақ халқында жүздер мен рулар барын білеміз. Осының барлығын ескереміз. Келген науқастар да осындай мәліметтерге мән береді. Сондай-ақ, донордың жұмыс орны мен білімі, жұлдызнама белгісі де тіркеледі", - дейді эмбриолог Нұржан Жүсіпалиев.

Шәует сақталатын қоймада температура -196 градусты құрайды.

Қазір, Алматы жасанды ұрықтандыру орталығында 15 тұрақты донор бар. Бұл донорлардан тек 10 әйел ғана жүкті бола алды. Себебі, жеті ата заңдылығы бойынша қан араласып кетпеу қажет. Аптасына орталыққа донордың көмегімен жүкті болуға кемінде 4 өтініш түсетін көрінеді.

18 жылдың ішінде репродуктивті медицина институты қызметкерлерінің көмегімен 6 мыңнан астам сәби дүниеге келген.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!