Алматыда үздік жатақхана анықталды

Фотография - Алматыда үздік жатақхана анықталды

деп хабарлайды Алматы қалалық жастар саясаты жөніндегі басқарма

305 0

Алматыда үздік студенттік жатақхана анықталды, деп хабарлайды Алматы қалалық жастар саясаты жөніндегі басқарма.

2013 жылдың сәуір айында Алматыда жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен студенттік жатақханаларға рейд жүргізілген. Күн сайын басқарма қызметкерлері қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесіп, жатақханалардағы тұрмыстық жағдайға мониторинг жүргізді. Рейд қорытындысы бойынша 2013 жылдың 7-ші маусымында «Ең үздік студенттер үйі» және «Ең таза студенттер үйі» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Өкінішке орай тұру ақысы қымбат болғанымен ешқандай жағдай жасалмаған жатақханалар бар. Олар Қонаев атындағы Алматы университеті, АГТУ, Азаматтық авиация академиясы. Қала әкімі Ахметжан Есімов бұл кемшіліктерді жоюға тапсырма берді. Сондықтан аталған оқу орындары студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жасауын қадағалаймыз»,-деді жастар саясаты басқармасының жетекшісі Санжар Боқаев.

Мониторинг қорытындысы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, М.Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникация академиясы үздік болып танылды. Ал Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, ҚазҰАУ, Абай атындағы ҚазҰПУ жатақханалары «ең таза» аталымы бойынша марапатталды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!