Биыл Ақтөбеде шегіртке 2 есе көп болуы мүмкін

Фотография - Биыл Ақтөбеде шегіртке 2 есе көп болуы мүмкін

Биыл шегіртке жылдағыдан 2 есе көп болады» деп ақтөбелік диқандар алаңдап отыр

550 0

Биыл шегіртке жылдағыдан 2 есе көп болады» деп ақтөбелік диқандар алаңдап отыр. Қазірдің өзінде зиянкеспен күрес жұмыстары жүріп жатыр. 

500 мың гектар жерге химиялық өңдеу жасалуы керек. Оның жартысы өңделіп, 200 мың гектар жерді улауға химиялық заттар жетпей қалды. Облыс әкімдігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен көмек сұрап отыр. Шегірткенің ең көп шоғырланған жерлері – бұл қала маңы мен Қобда, Хромтау және Мәртөк аудандары. Бұл жерлерде өткен жылдан қалған шегіртке жұмыртқалары табылған. Ауылшаруашылығы мамандарының айтуынша, өңірде шегірткелердің көбеюі 2009 жылы басталған. Әдетте мамыр айының ортасында жұмыртқалап, шілде айында қанаттары қатаятын зиянкестер биыл тым ерте шыққан.

Мәрлен БАЙМАҒАНБЕТОВ, Ақтөбе облыстық Ауыл шарушылығы басқармасы бастығының орынбасары:

- Шегірткелердің өзінің организмінде 10 жылда 1 рет, осылай 1-2 жыл пик болады. Соңғы екі жылда сондай жағдай. Сосын ауа райы да қолайлы. Көктем 2 жыл қатарынан ерте басталды.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!