Мемлекеттік тапсырыс аясында жастар бастамаларын қаржыландыру 10 еседен астамға артты - Мәжіліс вице-спикері

Фотография - Мемлекеттік тапсырыс аясында жастар бастамаларын қаржыландыру 10 еседен астамға артты - Мәжіліс вице-спикері

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар ұйымдарының бастамаларын қаржыландыру 7 жылда 10 еседен астамға артты. Бұл туралы Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентшілерінің Алматыда өтіп жатқан  жастар саясаты бойынша Орталық Азия халықаралық конференциясында айтылды.

166 0

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар ұйымдарының бастамаларын қаржыландыру 7 жылда 10 еседен астамға артты.

Бұл туралы Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентшілерінің Алматыда өтіп жатқан  жастар саясаты бойынша Орталық Азия халықаралық конференциясында айтылды.

«Әрбір екінші қазақстандық 30-ға дейінгі жастар. Елімізде 2008 жылдан бері ҚР Президенті жанында Жастар саясаты жөніндегі кеңес жұмыс жасайды. Елбасы Үкіметке жастар бастамасы қорын құруға тапсырма берді. Барлық министрліктер мен әкімдіктерге, мекемелерге өздерінің стратегиялық жоспарларына жастармен жұмыстың өлшемдерін енгізу ұсынылды. Сондай-ақ үстіміздегі жылы Еуразия ұлттық университеті базасында еліміздегі жастар мәселесін зерттеумен айналысатын «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Қабиболла Жақыпов.

Оның айтуынша, Қазақстанда  2010 жылдан бері жастар саясаты 2020 жылға дейінгі мемлекеттік білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстанда 14-29 жастағы жастардың үлесі халықтың 27 пайызын құрайды. Үкімет 2012 жылы мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асырудың жаңа Тұжырымдамасын жасады.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!