Атырауда мұнайдың үшінші деңгейлі апаттық төгілулеріне әрекет ету бойынша оқу-жаттығу өтуде

Фотография - Атырауда мұнайдың үшінші деңгейлі апаттық төгілулеріне әрекет ету бойынша оқу-жаттығу өтуде

6-7 маусым аралығында Атырау облысында «Қашаған-2013» оқу-жаттығуы өтуде. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.  

319 0

6-7 маусым аралығында Атырау облысында «Қашаған-2013» оқу-жаттығуы өтуде.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқу-жаттығуға ҚР ТЖМ, Атырау және Маңғыстау облыстық ТЖД, мүдделі мемлекеттік органдар мен мұнай компанияларының (Oil Spil Response ltd., NCOC, Аgip kco, NCPOC) өкілдері қатысуда.

Шараны өткізу барысында консорциум күштері мен құралдарының Каспий теңізінің қазақстандық сектор акваториясындағы мұнай төгінділеріне байланысты төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі тексерілді. 

Оқу-жаттығудың мақсаты - жұмылдырылған ұйымдардың төтенше жағдайлар болған кездегі механизмдері мен міндеттерін анықтау және келісу, сондай-ақ мұнайдың 3-інші деңгейлі төгінділерін жою қызметінің халықаралық провайдері күштері мен құралдарының мобильдігін пысықтау.

Жаттығу екі кезеңнен тұрады. Оның біріншісінде қатысушылардың мұнай төгінділерін өңірлік деңгейде жою бойынша іс-әрекеттері пысықталды, ал екінші кезеңде екі елдегі ресурстардың мобильдігі тексеріледі.

Осы шара Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім жөніндегі консорциум қабылдаған мұнай төгінділерімен күрес стратегияларын және рәсімдерін, аталмыш келісім бойынша жұмысқа байланысты апаттарды жою кезіндегі өзара іс-әрекет жоспарын, сондай-ақ ҚР-дың төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс саласындағы тиісті заңнамасын және ұлттық мұнай төгінділерін жою жоспарын іске асыруға бағытталған.


Тегтер:

Атырау

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!