Биылғы 5 айда шағын кемелерде 8 оқиға орын алып, 13 адамның өмірі қиылды

Фотография - Биылғы 5 айда шағын кемелерде 8 оқиға орын алып, 13 адамның өмірі қиылды

«Скутер» акциясы Флоттағы апаттылықтың алдын алу жөніндегі жыл сайынғы шаралар жоспары аясында өткізіледі. Ол жоспар бойынша жұртшылық арасында кемелерді пайдалану ережелері туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар шағын флотты тексерулер өткізіледі.

175 0

«Скутер» акциясы Флоттағы апаттылықтың алдын алу жөніндегі жыл сайынғы шаралар жоспары аясында өткізіледі. Ол жоспар бойынша жұртшылық арасында кемелерді пайдалану ережелері туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар шағын флотты тексерулер өткізіледі.

«Акцияның негізгі мақсаты - республикадағы су қоймаларындағы адамдардың жаппай демалатын орындарында шағын кемелермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік нормаларын бұзуды болдырмау болып табылады. Акцияны өткізген алғашқы 3 күннің өзінде көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары қызметкерлері 64 шағын кемені тексеруден өткізіп, соның нәтижесінде 10 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 10 шағын кемені пайдалануға тыйым салынды»,-делінген ҚР ККМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Комитеттің мамандары құқық бұзушылықтың негізгі себептері ретінде кемелерді қауіпсіз пайдалану талаптарын орындамау, белгіленген тәртіппен тіркеуден өтпеген және техникалық куәландырудан өтпеген кемелерді пайдалануды атап көрсетуде.

Айталық, өткен жылғы 12 айда су көлігінде 23 оқиға, оның 11-і шағын флотта тіркеліп, соның салдарынан 13 адам қаза болған. Ал 2013 жылғы 5 айдың өзінде шағын кемелерде 8 оқиға орын алып, 13 адамның өмірі қиылды.

«Скутер» акциясы тамыз айының аяғына дейін жалғасатындығын ескертеміз. Ал кеме иелеріне және тұрақ-база иелеріне су көлігі саласы бойынша қолданыстағы заңнамаларды қатаң сақтап, шағын кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуді айрықша тапсырамыз»,-деп ескертеді ведомство.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!