250-ден астам астаналық заңгерлерден тегін кеңес алды

Фотография - 250-ден астам астаналық заңгерлерден тегін кеңес алды

Елордалық заңгерлер республикалық «Юстиция кеңес береді» акциясы аясында қала тұрғындарымен кездесу өткізді. 5-7 маусым аралығында өткен акциядан 250-ден астам тұрғынның заңгерлік кеңес алды

238 0

Елордалық заңгерлер республикалық «Юстиция кеңес береді» акциясы аясында қала тұрғындарымен кездесу өткізді. 5-7 маусым аралығында өткен акциядан 250-ден астам тұрғынның заңгерлік кеңес алды

«Өткізілген акцияның басты мақсаты - тұрғындарға құқықтық кеңес беру, зейнеткерлер, жетім балалар, көп балалы отбасылар мен басқа да қала тұрғындарына қолдау көрсету»,- деді мекеме қызметкерлері. Ақпараттық-насихат тобының құрамында аталған Департаменттің құрылымдық бөлімінің қызметкерлері, сот орындаушылары, елорданың қорғаушылары мен нотариустары, сондай-ақ, Жер қатынастары басқармасынан шақыртылған өкілдер, Астана қаласы ІІД Көші-қон полициясы, Балалардың құқығын қорғау Департаменті сынды мекемелер бар.

Акция үш кезең бойынша өтті. Алғашқы күні Көктал тұрғын алабы мен Астана қаласы әкімдігінің қарт мүгедектеріне арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Екінші күні «Нұр Отан» ХДП-ның Астана қалалық филиалының базасында тұрғындарды қабылдау жүргізілді.

Сонымен қатар, осы күні заңгерлер Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді. Акцияның соңғы күні Алматы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Акция аясында 250-ден астам тұрғын өзіне қажетті кеңес алды. Қойылған сұрақтардың басым көпшілігі мұрагерлік қабылдау, сот шешімінің орындалуы, жылжымайтын мүлік пен жер учаскесін заңдастыру, атамекеніне оралған қазақтардың құжат тапсыру тәртібі мен тұрғын-үйге зәру азаматтарды кезекке тұрғызу жөнінде болды. Астана қаласы әділет департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көтерілген барлық мәселелер шешімін тауып, қойылған сұрақтар жауапсыз қалмаған.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!