«Даму» қорының мобильдік орталығы Қазалы ауданында кәсіпкерлерге жәрдем берді - Қызылорда

Фотография - «Даму» қорының мобильдік орталығы Қазалы ауданында кәсіпкерлерге жәрдем берді - Қызылорда

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының кәсіпкерлікті қолдау мобильдік орталығы мүшелері Қазалы ауданында болды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

223 0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының кәсіпкерлікті қолдау мобильдік орталығы мүшелері Қазалы ауданында болды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Топ құрамының мүшелері  аудан тұрғындарын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шарттарымен ақпараттандырып, өз бизнесін бастаймын деген жас кәсіпкерлерге кеңестерін берді.

  Сонымен қатар 1990 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып отырған Әйтеке би кентінің тұрғыны, 1-топтағы мүгедек Оңғарбай Жолмырзаевтың отбасында болып, жігерлі кәсіпкерге «Даму-көмек» бағдарламасы аясында «Ерлан» ЖК демеушілігімен  алынған электр қуатымен жұмыс істейтін жаңа үлгідегі тігін машинасын табыстады. Мүгедек кәсіпкер өз тарапынан үлкен алғысын білдіріп, «Даму» қорына және жас кәсіпкер Ерланға жылы лебіздерін жеткізді. Оңғарбай Жолмырзаев: «Мен «Даму-көмек» бағдарламасы жайлы теледидардан көріп, өз тарапымнан оның Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалына өтінішімді жолдаған болатынмын. Көп ұзамай «Даму» қорының қызметкерлері маған хабарласып демеушінің табылғаны жайлы хабар беріп қуантты. Ал енді міне, Қызылорда қаласынан келіп, тігін машинасын арнайы табыстағаны мен үшін үлкен мәртебе. Маған осы тігін машинасын алып берген «Ерлан» ЖК және Даму қорына үлкен алғысымды білдіремін».


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!