Алматы-Атырау бағытындағы «Сарайшық» жаңа жүрдек пойызы алғашқы сапарға аттанды

Фотография - Алматы-Атырау бағытындағы «Сарайшық» жаңа жүрдек пойызы алғашқы сапарға аттанды

2013 жылдың 8 маусымында Алматы-2 вокзалынан «Алматы-Атырау» бағытымен «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған «Сарайшық» жаңа жүрдек пойызы сапарға аттанды.

527 0

2013 жылдың 8 маусымында Алматы-2 вокзалынан «Алматы-Атырау» бағытымен «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған «Сарайшық» жаңа жүрдек пойызы сапарға аттанды.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан мәлім етті.

Жаңа пойызды алғашқы сапарға шығарып салу салтанатты жағдайда атап өтілді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы жолаушылар үшін концерттік бағдарлама әзірледі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының директоры Шамиль Қожабековтың айтуынша, жаңа пойыз күнара қатынайды. Алматыдан Атырауға дейінгі жол 35 сағат 30 минутты құрайды. Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады, оның 2-еуі «Гранд» (душы бар екі орындықты), 2-еуі «Бизнес» (екі орындықты) және «Турист» санатты (төрт орындықты) 18 жолаушы вагоны. Сондай-ақ құрамда 2 техникалық, 1 конвертор-вагон, 1 бар-вагон және 1 мейрамхана-вагон бар. «Гранд» санатты вагонда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бір купе қарастырылған. Купеде душ, санитарлық желі, арнайы жабдықталған есіктер, жолсерікті шақыру тетігі қарастырылып, дәліздер жолаушыларды отырғызуға және түсіруге ыңғайлы етіп кеңейтілген.

Аталған құрамның вагондары Астана қаласындағы «Тұлпар-Тальго» қазақстандық-испандық біріккен кәсіпорынның зауытында құрастырылған.

Вагондар «Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамының техникалық ресурсын жаңарту және жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде сатып алынды. Соған сәйкес, 2014 жылға дейін зауыт 420 жолаушы вагонын жасап шығарады.

Атап өтер жәйт, №77/78 жаңа пойыз Алматы-2 стансасынан Атырауға дейінгі жолды (2 695 шақырым) 49 сағаттан 35 сағатқа дейін қысқартады.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құрастырылған жүрдек пойыздар 4 бағыт бойынша: 2003 жылдан бастап «Алматы-Астана» қатынасындағы №1/2 - «Тұлпар» пойызы, «Алматы-Шымкент» қатынасындағы №25/26 - «Ақ сұңқар», 2012 жылдан бастап «Алматы-2- Петропавл» қатынасындағы №151/152 - «Жетісу» пойызы және «Ақтөбе-Астана» бағытындағы №88/87 - «Ақтөбе» пойызы қатынайды.

Жалпы Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 2015 жылға дейін тағы 5: «Астана-Атырау» (2013 жылдың қыркүйегі), «Астана-Қызылорда», «Алматы-Ақтөбе» (2014 жыл); «Астана-Защита», «Алматы-Защита» (2015 жыл) жүрдек маршруттарын іске қосу жоспарланып отыр.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!