Жылына бір күн жаппай қазақ тілінде сөйлеу ұсынысы айтылды

Фотография - Жылына бір күн жаппай қазақ тілінде сөйлеу ұсынысы айтылды

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшін журналист Евгений Рахымжанов жылына бір күні елде тек қана қазақ тілінде ғана сөйлейік деген ұсыныс айтты.

217 0

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшін журналист Евгений Рахымжанов жылына бір күні елде тек қана қазақ тілінде ғана сөйлейік деген ұсыныс айтты. Алғашында қиындау болып, көпшілік сөйлемеуі мүмкін, дегенмен уақыт өте халық осыған үйренеді дейді ол.

"Менің өзім мемлекеттік тілде сирек сөйлеймін, бірақ барынша тырысып жүрмін. Ең болмағанда, жылына бір күніңді тек қазақ тіліне арнау керек. Қоғамдық орындарда, әсіресе, дүкендерде ұялмастан қазақша сөйлеген абзал. Уақыт өте келе бір күнді екі күнге, кейін үш күнге және бір айға дейін ұзартамыз" дейді журналист.

Ол өз әріптестерін осы бағытта іс-шаралар ұйымдастыруға шақырып отыр. Өйткені, биліктен қайыр жоқ, олардың ана тілімізге еш жаны ашымайды дейді Рахымжанов. Пікірлестерін ол Фэйсбук әлеуметтік желісінде ойларымен бөлісуге де шақырды.


Тегтер:

тіл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!