Әлемде жыл сайын 58 млн адам көз жұмады

Фотография - Әлемде жыл сайын 58 млн адам көз жұмады

Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, комитет төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өтіп жатқан Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Надежда Петухова мәлім етті

212 0

Әлемде жыл сайын 58 миллион адам көз жұмады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, комитет төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өтіп жатқан Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Надежда Петухова мәлім етті.

Бүгін аталмыш комитет халыққа паллиативті көмек беру мәселесін талқылап жатыр.

«Паллиативті көмек не үшін керек?» деген сұраққа жауап бере отырып Надежда Петухова: «Әлемде жыл сайын 58 млн адам көз жұмады. Оның 45 миллионы дамушы елдерде ажал құшады. 12,7 миллион адам жыл сайын қатерлі ісікке шалдыққанын біледі. Сол қатерлі ісік жыл сайын 7,6 млн адамның өмірін жалмайды. 2009 жылы әлемде 9,4 млн адам туберкулез ауруының жаңа түрін жұқтырған. 1,7 млн адам туберкулезден көз жұмады бір жылда. Қазір Қазақстанда 144 мың адам онкологиялық дертке шалдыққаны белгілі, елімізде жыл сайын 30 мың адамның ауырғаны анықталады. Қазір 24 мың адам туберкулезбен ауырады», - деді.

Депутаттың айтуынша, паллиативті көмек бере отырып, жоғарыда саны аталған науқастардың тән ауруын жеңілдетуге болар еді.

Айта кетейік, паллиативті көмек дегеніміз - ауруды ерте кезде анықтай отырып, науқастың сырқатын сәл де болса бәсеңдету арқылы аса қатерлі ауруларға шалдыққан адамдар мен олардың отбасыларының өмірін жақсартуға жасалған қадам.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!