ШҚО-да аусылдың тарауына байланысты 2 мыңнан астам мал жойылды

Фотография - ШҚО-да аусылдың тарауына байланысты 2 мыңнан астам мал жойылды

Шығыс-Қазақстан облысының 3 ошағында барлығы 2 274 бас ірі қара мал жойылған

326 0

Шығыс-Қазақстан облысында аусылдың  тарауына байланысты 2 мыңнан астам мал жойылды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.  

 

«Шығыс-Қазақстан облысының 3 ошағында барлығы 2 274 бас ірі қара мал жойылған», - делінген хабарламада.

 

Ауыл шаруашылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта, Ақшоқы аулының 154 отбасына толығымен төлемақы төленді. Өтемақының жалпы соммасы - 174 305 000 теңге.

 

Ахметбұлақ және Маңырақ ауылдарындаАуыл шаруашылығы министрлігі  мал иелерімен қажетті құжаттар жинақталғаннан кейін өтемақыны төлейді.

 

Аусыл ауруы бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін Үржар ауданының аймағында төтенше жағдай жарияланды.

 

Сапалы таза вакцина сатып алынып, малдар мәжбүрлі түрде вакцинацияланды. Бұл шара вакцинаны қолданумен екрін аусыл аумағы статусын алуға өз септігін тигізбек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!