ШҚО ҰБТ нәтижесі бойынша орта көрсеткіш 72,4 балды құрады

Фотография - ШҚО  ҰБТ нәтижесі бойынша орта көрсеткіш 72,4 балды құрады

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ШҚО білім басқармасының басшысы М.Ахметова атап өтті.

265 0

Облыс бойынша биылғы 2012-2013 оқу жылында барлығы 11234 оқушы бітірді. Олардың 7839-ы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысты. Облысымызда ҰБТ үш кезеңге бөлініп, 14 пунктте өткізілді. Бірінші кезеңде 3783 түлек тест тапсыруға қатысса, екінші кезеңде 3468 оқушы, үшінші кезеңде 588-і тапсырды. Тестілеуге қатысқан оқушылар 5166-ы мемлекеттік тілде, 2673-і ресми тілде тапсырды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ШҚО білім басқармасының басшысы М.Ахметова атап өтті.

Бас маманның айтуынша, Халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегерлері ретінде 67 оқушы ҰБТ-дан босатылған. Жалпы Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің қортындысы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш 123 балл жинаған 3 оқушы. Олар: Байғалиев Мағжан В.Маяковский ат. ОМ Жарма ауданы, Бауыржанқызы Айдана Семей қ. № 22 ОМ Бекенова Жарқын Семей қ. № 22 ОМ.

Алтын белгіден үміткер 402 оқушынын 93-і, Үздік аттестат бойынша 179 түлектің 19–ы өз білімдерін дәлелдеп шықты.

Орташа балл 72,4 балл. Республикамызда бұл көрсеткіш 74,5 балл. Мектеп бітірушілер арасында бес пән бойынша белгіленген деңгейдегі балл жинай алмаған оқушылар 992. Ал байқау бойынша бойынша белгіленген деңгейден өте алмаған оқушылардың саны 2971.

Биылғы ҰБТ кезінде 3 дерек тіркелді. Сұрақ кітапшасын алып шыққаны үшін 1 оқушының (Абай ауданы) берген жауабы есептелмеді. Сонымен қатар, 2 оқушы (Күршім ауданы) ұялы телефон пайдаланғаны үшін аудиториядан шығарылды.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!