Өскеменде балалар үйінің түлектері бас қосты

Фотография - Өскеменде балалар үйінің түлектері бас қосты

Кеше Өскемендегі «Үлбі» мәдениет үйінде облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен, білім басқармасының ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет өңірдегі барлық балалар үйі түлектерінің облыстық слеті болып өтті. Слетке алпысыншы жылдардан бергі бес жүзге тарта түлектер жиналды, - деп хабарлайды  ШҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Жанболат Санияз.

318 0

Кеше Өскемендегі «Үлбі» мәдениет үйінде облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен, білім басқармасының ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет өңірдегі барлық балалар үйі түлектерінің облыстық слеті болып өтті. Слетке алпысыншы жылдардан бергі бес жүзге тарта түлектер жиналды, - деп хабарлайды  ШҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Жанболат Санияз.

Балалар үйінің әр жылдардағы түлектері «Үлбі» мәдениет үйінің кең залына орналастырылған «Үлкен үйдің шағын тарихы» атты көрмені ерекше қызығушылықпен тамашалады. Облысымыздағы он төрт балалар үйінің әрқайсысының өткені мен бүгіні олар үшін тым қымбат. Ата-ана қамқорлығынан айырылғанда оларды құшағына басып, пана болған, осы балалар үйлері болатын.

Жалпы, Шығыс өңірінде алғашқы балалар үйі 1920 жылы пайда болыпты. Семей қаласындағы №8 балалар үйі сол бір қиын жылдары аштықтан бұратылып, өлім мен өмірдің, өң мен түстің арасында ажалын күткен қаншама балаға пана болған. 1932 жылы мұндай балалар үйі Көкпекті ауданында, 1934 жылы Үржар ауданы, Науалы ауылдарында ашылды. Қазіргі күні облыста барлығы 14 балалар үйі бар. 2000 жылы ашылған «Үміт» балалар үйі де тағдыр талқысында қалған қаншама сәбиге пана болып отыр.

Айтулы жиынға жиналған балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қай қайсысы болмасын сахна төріне шығып, өткен өмірлерін бір сәтке болса да еске алып, ұстаздары мен тәрбиешілеріне алғыстарын айтты. Шараның өнегелік, тәрбиелік мәнінің зор екенін өз сөзінде облыс Әкімінің орынбасары Жақсылық Омар да ерекше атап айтты. – Қазақ ешқашан жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған халық. «Жетім көрсең, жебей жүр» дейтін де біздің ел. Бір жетімнің басынан сипасаң, көкте он періште қуанады екен. Сондықтан да бүгін біз халқымыздың осынау жақсы сөзін іс жүзінде дәлелдеп, асыл дәстүрімізді ұлықтап жатырмыз, – деген облыс әкімінің орынбасары шараны ұйымдастырушылар мен жиналған қауымға зор ризашылығын жеткізіп, өңірдегі 14 балалар үйінің басшыларына облыс әкімінің алғыс хаты мен шағын сыйлығын табыс етті. Мерекелік шара от шашумен аяқталды.


Тегтер:

Семей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!