ҰБТ-ға бола 27 директор жұмыстан қуылды

Фотография - ҰБТ-ға бола 27 директор жұмыстан қуылды

Қызылорда облысының әкімі ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) төмен нәтиже көрсеткен 27 мектептің директорын жұмыстан босатқанын ақпарат құралдары хабарлады.

308 0

Қызылорда облысының әкімі ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) төмен нәтиже көрсеткен 27 мектептің директорын жұмыстан босатқанын ақпарат құралдары хабарлады.

Әкім Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, ҰБТ нәтижесі бойынша Қызылорда облысы 11-орын алған. Облыстағы 7 мың 755 мектеп бітірушінің 5 мың 178-і тест тапсыруға өтініш берген. ҰБТ өтетін күні 106 оқушы тест тапсырудан бас тартқан.

Әкімнің айтуынша, тест нәтижесінің төмен болуының себебі - мұғалімдер білігінің нашарлығы.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметі бойынша, маусымның 3-і мен 9-ы күндері аралығында өткен ҰБТ-ға 95 мыңнан аса мектеп бітіруші қатысқан.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!