Шетелдік тасымалдаушылар көлік саласындағы заңнаманы жиі бұзуда - Көлік министрлігі

Фотография - Шетелдік тасымалдаушылар көлік саласындағы заңнаманы жиі бұзуда - Көлік министрлігі

Қазақстанда шетелдік рұқсат беру бланктерін бір тасымалдаушыдан екіншісіне бергендігі үшін айыппұл санкциялары енгізілуі ықтимал.

222 0

Қазақстанда шетелдік рұқсат беру бланктерін бір тасымалдаушыдан екіншісіне бергендігі үшін айыппұл санкциялары енгізілуі ықтимал.

Яғни, шетелдік рұқсатнаманы басқа тасымалдаушыға берген отандық жүк тасымалдаушы жазаланатын болады, ондағы айыппұл 20-45 айлық есептік көрсеткіш шамасында болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

Бұдан бөлек, аталған заң жобасы бойынша шетелдік халықаралық автомобиль операторларының Қазақстан аумағына рұқсат берілмеген көлікпен халықаралық тасымал жасауына айыппұл санкцияларын ұлғайту да көзделеді. Тоқтала кететін жайт, ағымдағы жылдың бес айында шетелдік тасымалдаушылардың заң бұзушылықтар саны екі есеге артқан. Олардың дені жүк тасымалдауға рұқсат беретін құжаттардың болмауы, белгіленген салмақ және габариттің асып кетуі, жүргізушілердің еңбек және тынығу режімін бұзуы секілді заң бұзушылықтарға жатады.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!