Бізде бар ЭКМО-ға еуропалықтардың өздерінің қолы жетпей отыр

Фотография - Бізде бар ЭКМО-ға еуропалықтардың өздерінің қолы жетпей отыр

Науқастар өмірін арашалау мақсатымен Орталықта ең жаңа үлгідегі ЭКМО (экстракорпоральді мембраналы оксигенация) аппараты қолданылуда

526 0

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала басқармасының бас сарапшысы Эльмира Ахметова бүгін «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-да «Медицинадағы жаңа технологиялар: пациенттер өмірін арашалаудың бірегей мысалдары» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында елдегі ана мен бала науқастығына, өліміне және олардың денсаулығына қатысты т.б жайттарды әңгімелеп берді.


Науқастар өмірін арашалау мақсатымен Орталықта ең жаңа үлгідегі ЭКМО (экстракорпоральді мембраналы оксигенация) аппараты қолданылуда. Ол аса ауыр жағдайдағы науқастың қанын оттегімен құнарландыру үшін қажет. Осы аппараттың көмегімен ондаған науқастардың өмірін аман алып қалу мүмкін болды, оның ішінде үш жүкті әйел де бар.

ЭКМО дәстүрлі терапияның тиімсіздігі және өкпені жасанды желдету кезінде тыныс алу функциясының жетіспеушілігі бар науқастар үшін қажет. Аппарат органдар мен тіндердегі қайтымсыз өзгерістердің дамуын тоқтатуға мүмкіндік береді. Бұл жүкті әйелдер, жас балалар және жаңа туған нәрестелерге шұғыл көмек көрсету барысында аса маңызды функция. ЭКМО аппараты тыныс алу және жүрек-қан тамырлары функцияларының ауыр жетіспеушілігі бар науқастарды санитарлық авияция желісімен түрлі өңірлерден тасымалдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл аппарат ашық жүрекке операция жасау және органдар трансплантациясын жүргізу барысында барынша қолданылады.

2014 жылға дейін 20-ға жуық жаңашыл медициналық технологияны енгізу, «жүрек-өкпе» комплексін трансплантациялау, сонымен қатар ЖФСЖ шағын инвазиялы әдістермен емдеу, гибридті және неонаталды хирургияны, фетальды хирургияны, трансплантологияны дамыту, жүректің ишемиялық ауруын нейрохирургиялық әдістермен емдеу жұмысын реттеу жоспарланып отыр. Орталықта жаңа технологияларды қолдана отырып тағы басқа көптеген операциялар жасалуда: ROС Safe и Cardiblate аппараты қолданылатын операциялар, интервенциялық кардиология саласындағы бірегей араласулар, оның ішінде қан шығармай операция жасау – жүрек клапанын имплантациялау (жанбас күре тамыры арқылы).

Медицина саласындағы жаңа технологияларды енгізу және Орталықты жан жақты дамыту мемлекет және ел Президенті Н.Ә. Назарбаев тарапынан болған көмекке орай мүмкін болып отыр. Атқарылған жұмыс өз жемісін берді: туа біткен жүрек кемістіктерін хирургиялық жолмен емдеу жағдайларының өсуіне, жүкті әйелдерге күрделі хирургиялық операциялардың өткізілуіне байланысты ана мен бала өлімінің саны төмендеді, өмір сүру ұзақтығы мен сапасы өсті. Қазақстандық медицинаның мәртебесі өсті. Осы жерде айта кетейік, ЭКМО аппараты посткеңестік мемлекеттердің бірінде де жоқ, Еуропаның тек 5 елі ғана осы құрылғының қызметін пайдаланып отыр. ЭКМО-ның нақты құнын дәрігерлер білмейтін болып шықты, тек Евгений Меренковтың мәліметінше Англияда науқасты бір тәулік ЭКМО аппаратына қосу құны 12 мың фунт-стерлинг тұратын көрінеді.

Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас пульмонологы, Астана медицина университеті ішкі аурулар кафедрасының профессоры Ирина Козлова, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының жүктілік патологиялары бөлімшесінің меңгерушісі Гүлмира Рапильбекова, Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығының анестезилог-реаниматологы Евгений Меренков, орталықтың дәрігерлері қатысты.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!