«Таза өнім – халықтың денсаулығы»

Фотография - «Таза өнім – халықтың денсаулығы»

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету және халықтың бұл жөнінде хабардарлығын арттыру мақсатында еліміздің санэпидқадағалау қызметі «Таза өнім – халықтың денсаулығы» акциясын өткізіп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДМ Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Айтмағанбет Жолшоринов мәлім етті.

286 0

Акция 30 қалада және 139 елді мекенде жүргізілді. 222 азық-түлік базары, 93 ірі сауда объектісі, 12 жәрмеңке және 89 басқа да нысандар тексерілді. Акция аясында тұрғындар сатып алатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін сол жерде тексере алады.

Санэпидқадағалау қызметі ерте пісетін бақша өнімдерін, құлпынай, шие, өрік, алхоры өнімдерін сатып алмауды ұсынады. Сонымен қатар, тез бұзылатын өнімдерді сақтағанда температура режимін бақылауда ұстау керек. Мерекеден қалған өнімдерді келесі күні пайдаланбау керек, дейді мамандар.

Емізулі баласы бар немесе жасанды өнімдермен тамақтандыратын аналарға жеке гигиенаға ерекше көңіл бөлуді, шетелдерге баратын туристерге міндетті түрде туроператорлардан немесе мемсанэпидқадағалау органдарынан баратын елдегі эпиджағдай туралы мәліметті алуды ұсынады.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл акция дәстүрге айналады және жыл сайын жаз-күз маусымдарында өткізіліп отырады.

Тегтер:

өркениет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!