Астана күні қарсаңында елордалықтар қазақтың дәстүрлі ән өнерін тамашалайды

Фотография - Астана күні қарсаңында елордалықтар қазақтың дәстүрлі ән өнерін тамашалайды

Елорданың 15 жылдығын мерекелеу қарсаңында, 4 шілдеде Конгресс холл сарайында дәстүрлі әншілердің қатысуымен «Астанаға тарту» концерті өтеді.

122 0

Елорданың 15 жылдығын мерекелеу қарсаңында, 4 шілдеде Конгресс холл сарайында дәстүрлі әншілердің қатысуымен «Астанаға тарту» концерті өтеді.

Бұл туралы astana.kz сайтына Астананың 15 жылдық мерекесін әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті штабының Медиатобы мәлім етті.

Қазақстан - талант пен өнерге бай өлке. Халқымыздың ғасырлардан келе жатқан мәдени бай мұрасы - тәуелсіздіктің арқасында одан әрі өркендеп, дами түсуде.  «Астанаға тарту» концерті елорда тұрғындары бойында ұлттық рухты жандандырып, қазақ халқының баға жетпес мәдени мұрасынан сусындатуды  мақсат тұтады.

Бағзы заманнан қазақ он саусағынан өнер тамған дарынды халық. Кез келген той-домалақ, көңілді орталар ән-жырсыз, күмбірлеген күйсіз өтпеген. Бір шеті мен бір шетіне ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-байтақ даламыз бар. Республиканың әр түкпірі өзіндік ерекшелігімен дара, әр өңірдің өзіне тән дәстүрлі орындаушылық өнері де қалыптасқан. Қазіргі таңда дәстүрлі әндерді орындаудың түрлі үлгілері бар. Ол Арқа, Сыр өңірі, Жетісу, Шығыс (Алтай-Тарбағатай) және Батыс орындаушылық дәстүрлері.

Қала күні қарсаңында дәстүрлі  орындаушылары елорда тұрғындары мен қонақтарына дәстүрлі қазақ музыкасының керемет кешін сыйлауға уәде беруде.

Концерттік бағдарламада Қарақат Әбілдина, Айгүл Қосанова, Клара Төленбаева, Бекболат Тілеухан, Рамазан Стамғазиев, Гүлмира Сарина, Еркін Шүкіманов, Эльмира Жаңабергенова мен Ардақ Исатаева өнер көрсетеді.


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!