Сыйға тартқан көліктерді «Қазақмыс» кері қайтарып алуда

Фотография - Сыйға тартқан көліктерді «Қазақмыс» кері қайтарып алуда

«Қазақмыс» Қарағанды облыстық әкімшілігінің келісімімен жезқазғандық полицейлерге бірнеше жыл бұрын сыйға тартқан 29 автокөлікті кері қайтарып алып жатыр. Бұл жөнінде ҚазТАГ АА хабарлайды. Әкімшілік келісімімен Компания Жезқазған қаласының жол полициясына сыйға тартқан көліктерді кері қайтарып ала бастаған. Оған себеп, полицейлер көліктерді өз қажеттеріне жылдар бойы пайдаланып келгенімен, оларды өз аттарына рәсімдемеген. Өйткені, құжаттарды реттеуге бюджеттен қаржы қарастырылмаған екен. Компания атында тіркеліп тұрған көліктердің мәселесін шешу үшін сыйға тартушылар енді мынадай шарт қойып отырған көрінеді: «техникаларды өз аттарыңа аударып алыңдар немесе біз оларды алып кетеміз». Себебі, күні бүгінге дейін бар техниканың салығы Компания мойнына артылып келеді. Бүгінгі таңда Жезқазған қалалық жол полициясы қызметкерлері мен «Қазақмыстың» топ-менеджерлерінің бірімен екіжақты тартысты талқылау жүріп жатыр. Ал бұл мәселе мамыр айының соңына қарай «Қазақмыстың» құрамына енетін «Жезказганцветмет» корпорациясының бас директоры Жанболат Бөрібаевқа айыппұл салғаннан кейін ушыға түскен. Топ-менеджерге «құжаттарын тексеру барысында көлік иесінің міндетті сақтандыру полисін көрсетпеді» деген айып тағылыпты. Өз кезегінде Ж. Бөрібаев та өзін тоқтатқан екі полицей қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп ІІД, Қаржы полициясы мен облыстық прокуратураға шағым түсірген. «Оқиға барысында құқық қорғау органының өкілдері маған шамадан тыс күш қолданып, дене жарақатын салды. Мұның барлығы да ресми тіркелген» деп мәлімдейді шағымданушы. Ол онымен қоймай, зәбір көрсетушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Жезқазған қаласындағы мамандандырылған сотқа да шағымданған. Қазіргі кезде іс қаралу үстінде екен.

141 0

«Қазақмыс» Қарағанды облыстық әкімшілігінің келісімімен жезқазғандық полицейлерге бірнеше жыл бұрын сыйға тартқан 29 автокөлікті кері қайтарып алып жатыр. Бұл жөнінде ҚазТАГ АА хабарлайды.

Әкімшілік келісімімен Компания Жезқазған қаласының жол полициясына сыйға тартқан көліктерді кері қайтарып ала бастаған. Оған себеп, полицейлер көліктерді өз қажеттеріне жылдар бойы пайдаланып келгенімен, оларды өз аттарына рәсімдемеген. Өйткені, құжаттарды реттеуге бюджеттен қаржы қарастырылмаған екен. Компания атында тіркеліп тұрған көліктердің мәселесін шешу үшін сыйға тартушылар енді мынадай шарт қойып отырған көрінеді: «техникаларды өз аттарыңа аударып алыңдар немесе біз оларды алып кетеміз». Себебі, күні бүгінге дейін бар техниканың салығы Компания мойнына артылып келеді.

Бүгінгі таңда Жезқазған қалалық жол полициясы қызметкерлері мен «Қазақмыстың» топ-менеджерлерінің бірімен екіжақты тартысты талқылау жүріп жатыр. Ал бұл мәселе мамыр айының соңына қарай «Қазақмыстың» құрамына енетін «Жезказганцветмет» корпорациясының бас директоры Жанболат Бөрібаевқа айыппұл салғаннан кейін ушыға түскен. Топ-менеджерге «құжаттарын тексеру барысында көлік иесінің міндетті сақтандыру полисін көрсетпеді» деген айып тағылыпты.

Өз кезегінде Ж. Бөрібаев та өзін тоқтатқан екі полицей қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп ІІД, Қаржы полициясы мен облыстық прокуратураға шағым түсірген.

«Оқиға барысында құқық қорғау органының өкілдері маған шамадан тыс күш қолданып, дене жарақатын салды. Мұның барлығы да ресми тіркелген» деп мәлімдейді шағымданушы. Ол онымен қоймай, зәбір көрсетушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Жезқазған қаласындағы мамандандырылған сотқа да шағымданған. Қазіргі кезде іс қаралу үстінде екен.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!