Алакөл көліне сазанның 7,3 млн. дернәсілі жіберілді

Фотография - Алакөл көліне сазанның 7,3 млн. дернәсілі жіберілді

«Балық өнеркәсібі» ЖШС-ның Бесағаш кентінде орналасқан Алакөл филиалының инкубациялық цехы биылғы көктемде балықтың көбеюіне өз үлесін қосты

197 0

«Балық өнеркәсібі» ЖШС-ның Бесағаш кентінде орналасқан Алакөл филиалының инкубациялық цехы биылғы көктемде балықтың көбеюіне өз үлесін қосты.

Бұл туралы «Огни Алатау» газеті жазды.

Ғалымдардың келісімімен сазанның аналық басының 200 келісін аулауға рұқсат берілді. Қолданыстағы тыйымға байланысты аталмыш көлем Балқаш көлінен ауланып, арнайы көлікпен Алакөлге жеткізілді. Бұл мамандарға тиімді мерзім ішінде уылдырық алып, оны «Вейстің» 8 аппаратына және «Амурдың» 3 қондырғысына орналастыруға мүмкіндік берді.

Балықты аулау бойынша филиал директорының орынбасары Мұратқан Оразыманов хабарлағандай, жалпы алғанда сазанның 7,3 млн. дернәсілі алынды. Олар мамыр айының екі аптасы ішінде өзенге жіберілді. Бұл мақсат үшін оттегімен байытылған суы бар арнайы сыйымдылықтар қолданылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!