М. Шолохов сыйлаған ойыншық жарты ғасырдан кейін музейге табыс етілді

Фотография - М. Шолохов сыйлаған ойыншық жарты ғасырдан кейін музейге табыс етілді

Орыстың ұлы жазушысы Михаил Шолохов осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын Тасқала ауданында көлігі сынып қалып,

305 0

Орыстың ұлы жазушысы Михаил Шолохов осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын Тасқала ауданында көлігі сынып қалып,

мемлекеттік автоинспектор қызметін атқаратын Наурыз Мусинмен кездеседі.

МАИ қызметкері атақты жазушыға құрмет көрсетіп, қонақ қылып, сый-сияпат жасап, шығарып салған. Өз қызметіне адал, жол ережесін бұзғандарды құтқармайтын Н.Мусинді кейбіреулер «Тасқала арыстаны» деп атап кеткен. Осыны ұмытпаған М.Шолохов бір жылдан кейін Мусиндер отбасына келіп, «Тасқаланың арыстанына орыстың арыстанын ала келдім» деп, Наурыздың ұлы Қуатқа ойыншық (ақ аю) сыйлаған.

Бүгінде Қуат Мусин - Тасқала ауданының әкімі. Бір қызығы, арада 53 жыл өткенде тағы да Тасқала атырабында Наурыздың ұлы Қуат пен Михаил Шолоховтың немересі дәл сондай жағдайда ұшырасқан екен. Сол кезде ойыншық әңгіме болған.

Аталмыш ойыншықты Мусиндер отбасы «Атақты жазушының көзі ғой» деп сақтап келген. Енді оны осыншама уақыт өткеннен кейін Зеленов ауданы Дариян ауылындағы М.Шолохов музейіне Қ.Мусиннің қызы Динара табыс етті.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!