Екі қазақстандық АҚШ-тың әскери оқу орындарына түсті

Фотография - Екі қазақстандық АҚШ-тың әскери оқу орындарына түсті

Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшісі Кеннет Фейрфакс екі қазақстандық жас жігіт - Ілияс Камелединов и Абылай Ахметовке АҚШ Қарулы Күштері әскери оқу орындарына қабылдануға сертификаттар табыс етті

180 0

Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшісі Кеннет Фейрфакс екі қазақстандық жас жігіт - Ілияс Камелединов и Абылай Ахметовке АҚШ Қарулы Күштері әскери оқу орындарына қабылдануға сертификаттар табыс етті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 

«Астаналық «Назарбаев университеті» жоғары оқу орнының түлегі Абылай Ахметов АҚШ Құрлық әскерлерінің «West Point» академиясына қабылдануға сертификат алса, «Арыстан» мамандандырылған лицейін бітірген Ілияс Камелединов АҚШ Қарулы Күштері Әскери-теңіз академиясына қабылданды»,  деп ақпараттандырады Қорғаныс министрлігі. 

 

Қуарсанттардың оқу мерзімі - 4 жыл. Олардың оқуы АҚШ бюджетінің есебінен жүргізіледі. Қазақстандық тарап оқушылардың каникулдық кезеңінің шығындарын төлеуді көтереді. Отанымызға оралған соң АҚШ әскери жоғары оқу орындарын бітірушілер Қазақстан Қарулы Күштерінде кемінде 10 жыл қызмет етулері тиіс. Осы туралы келісімшартқа жас жігіттер оқу басталар қарсаңында қол қояды.

 

Америка әскери жоғары оқу орындарына қабылдануға үміткерлерді іріктеу 2012 жылдың қазан айында басталған болатын. Іріктеу процесіне Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті жетекшілік етті. Әскери басқару органдарында жеке істерді қалыптастырып, медициналық комиссиядан өткеннен кейін қабылдануға үміткерлер арнайы тексеруден және АҚШ елшілігінде әңгімелесуден өтті, дене даярлығы бойынша және TOEFL, SAT деңгейлерінде ағылшын тілін білу бойынша сынақтар тапсырды.

 

Әдетте шетелдік студенттерге арналған квота саны шектеулі болады. Көптеген қазақстандық үміткерлердің ішінен беделді әскери жоғары оқу орнына қабылдану мүмкіндігіне екі жас жігіт қана ие болды. Орталық Азия өңірі елдері арасында бұл жоғары көрсеткіш, өйткені бір талапкерге шақырту алудың өзіне әрбір республиканың қолы жете бермейді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!