Қазақстанда 7 мыңнан астам бала жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы дүниеге келген

Фотография - Қазақстанда 7 мыңнан астам бала жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы дүниеге келген

Қазақстанда соңғы 17 жылда 7 мыңнан астам бала дүниеге жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы келген

327 0

Қазақстанда соңғы 17 жылда 7 мыңнан астам бала дүниеге жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы келген.

Бұл туралы бүгін халықаралық ғылыми конференцияда Мемлекет басшысының кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті.

Оның айтуынша, елімізде репродуктивті медицинаны дамытуда көп жұмыс жасалды. Денсаулық сақтауға бөлінетін бюджет қаражатында 2009 жылдан бастап экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) бағдарламасы жеке қаржыландырылып, оған бөлінетін қаражат жылдан жылға өсіп келеді.

«Мысалы, 2010 жылы мемлекет ЭКҰ-ны қаржыландыру үшін 100 тегін квотаға қаражат бөлді, ал 2013 жылы олардың саны 600-ден асты.

ЭКҰ технологиясын енгізген 17 жылдың ішінде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы 7 мыңнан астам сәби дүниеге келді», - деді Г. Әбдіхалықова.

Қазақстандық репродукция ассоциациясының берген мәліметі бойынша, елмізде 300-350 мыңдай бала туу жасындағы отбасы бедеулік дертіне шалдыққан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!