Ақ желеңділер ардақталды

Фотография - Ақ желеңділер ардақталды

Кеше елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Медицина қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік шара өтті.

274 0

Кеше елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Медицина қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік шара өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген бұл шарада өз саласы бойынша «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан медицина қызметкерлері марапатталып жүр. Шараның ресми бөлігінде сөз алған Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Болат Төкежанов медицина саласының даму барысы туралы әңгімеледі. «Медицина қызметі әсіресе ауылды жерлерде жетілдірілуде. Емханалар мен ауруханалар жаңа құралдармен жабдықтандырылып, заманауи технологиялар енгізілген соң медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері», артуда деген вице-министр денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында көптеген істердің атқарылып жатқанын баяндады.

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында 65 мыңнан астам дәрігер, 150 мыңнан астам медбике және 13 мыңнан астам фармацевт еңбек етеді екен. Кешегі жиында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова салаға қосқан зор үлестері үшін еліміздің өңірлерінен келген медицина қызметкерлерін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева Астана қаласы әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапаттады. Оның ішінде Мұхтар Төлеутаев, Виктор Олейников, Франц Голецкий, Алтынай Есқалиева, Наталья Мельникова, Мұрат Өскенбаев сынды әр өңірден келген өз ісінің шебер мамандары бар.

Жыл сайын Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Өз кәсібінің үздігі» республикалық байқауы ұйымдастырылады. Биыл байқау барысында «Үздік менеджер», «Үздік дәрігер», «Үздік ауыл дәрігері», «Үздік санитарлық дәрігер», «Үздік провизор», «Үздік медбике», «Үздік сарапшы» аталымдары бойынша ең үздік мамандар анықталды. «Қазақстан» Орталық концерт залында өткен мерекелік шарада олар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Атап айтар болсақ, «Үздік менеджер» аталымы бойынша Мұрат Сүлейменов, «Үздік дәрігер» аталымы бойынша Әділет Дүйсембаев, «Үздік ауыл дәрігері» аталымы бойынша Күншығыр Әбілов марапатталса, Светлана Ғабдрахманова «Үздік медбике», Мәриям Меңдіғалиева «Үздік санитарлық дәрігер», Аида Төлеубаева «Үздік провизор», Маргарита Бисенова «Үздік тәуелсіз сарапшы» деп танылды.

Салтанатты жиын Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өткен концертпен қорытындыланды.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!