300-350 отбасы бедеуліктің азабын тартып келеді

Фотография - 300-350 отбасы бедеуліктің азабын тартып келеді

Қазақстанда қолдан ұрықтандыру қызметі тым қымбат болып тұр. Ал бедеуліктің азабын 300-350 отбасы тартып келеді.

406 0

Қазақстанда қолдан ұрықтандыру қызметі тым қымбат болып тұр. Ал бедеуліктің азабын 300-350 отбасы тартып келеді.


Кеше Астанада басталған «Бедеулікті анықтау мен емдеудегі өзекті мәселелер. Қосалқы репродуктивті технологиялар» тақырыбындағы V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда биология ғылымдарының докторы, репродуктолог-эмбриолог Салтанат Байқошқарова мәлім етті.

Оның хабарлауынша, осыдан үш жыл бұрын мемлекет тарапынан экстракорпоралды ұрықтандыруға 100 квота бөлінсе, ағымдағы жылы оның саны 600-ге дейін жетті. «Алдағы уақытта қолдан ұрықтандырудың тегін қызметін 750-ге дейін жеткізу көзделген. Алайда оның өзі аздық етеді. Себебі қазіргі мәліметке сәйкес, 300-350 мың отбасы бедеуліктің азабын тартып келеді. Олардың 30 пайызы тегін квотаға зәру», - дейді С.Байқошқарова. Ғалым атап көрсеткендей, Қазақстанда мемлекеттік қызмет бойынша бір экстракорпоралды ұрықтандырудың бағасы 737 мың теңгені, яғни 5 мың долларды құрап отыр. Ал Израильде ондай қызметтің бағасы 2,5-3 мың долларға тең. «Ал ол елде қолданылатын дәрі-дәрмектер бізде де бар. Сондықтан Қазақстанда қолдан ұрықтандыру қызметінің бағасын арзандатуға мүмкіндік жетерлік. Дегенмен, баланы армандайтын қазақстандық отбасылар әлі күнге дейін екі есе көп шығындалуға мәжбүр», - дейді дәрігер.

Айта кетейік, 1996 жылы «Экомед» емханасында биология ғылымдарының докторы, репродуктолог-эмбриолог Салтанат Байқошқарованың қатысуымен Қазақстанда «пробиркадағы бала» алғаш рет дүниеге келді. Биыл ол 17 жасқа толады. Бүгінде қолдан ұрықтандыру орталықтары Астана, Алматы, Тараз. Шымкент, Ақтөбе және Петропавл қалаларында жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Қазақстанда соңғы 17 жылда 7 мыңнан астам бала дүниеге жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы келген.

Бұл туралы бүгін халықаралық ғылыми конференцияда Мемлекет басшысының кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті.

Оның айтуынша, елімізде репродуктивті медицинаны дамытуда көп жұмыс жасалды. Денсаулық сақтауға бөлінетін бюджет қаражатында 2009 жылдан бастап экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) бағдарламасы жеке қаржыландырылып, оған бөлінетін қаражат жылдан жылға өсіп келеді.

«Мысалы, 2010 жылы мемлекет ЭКҰ-ны қаржыландыру үшін 100 тегін квотаға қаражат бөлді, ал 2013 жылы олардың саны 600-ден асты.

ЭКҰ технологиясын енгізген 17 жылдың ішінде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы 7 мыңнан астам сәби дүниеге келді», - деді Г. Әбдіхалықова.

Қазақстандық репродукция ассоциациясының берген мәліметі бойынша, елмізде 300-350 мыңдай бала туу жасындағы отбасы бедеулік дертіне шалдыққан.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!