Семейде сабантой мерекесі тойланды

Фотография - Семейде сабантой мерекесі тойланды

 Бүгін Семей қаласында Сабантой мерекесі тойланды. Бұл тойға Татарстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Мінтемір Шәймиев бастаған қонақтар, Қазақстанның басқа облыстарынан қонақтар келді

349 0

 Бүгін Семей қаласында Сабантой мерекесі тойланды. Бұл тойға Татарстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Мінтемір Шәймиев бастаған қонақтар, Қазақстанның басқа облыстарынан қонақтар келді деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы

Бүгінгі күні татар халқының ұлттық мерекесі Шығыс Қазақстанда тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіретін кезекті мейрамға айналған. Мереке татар халқының көпжылдық дәстүрлерімен таныстырып, ұлт достығын нығайта түседі.

Бүгінгі күні облыста 10 татар этномәдени бірлестік, Татар мәдениетінің мұражайы, Татар өнер мектебі, «Истәлек», «Иртыш Моңнары», «Илһам», «Яшлек» татар ансамблдері, «Сарман» вокалды тобы жұмыс істейді. Этноауылдағы татар үйінде «ШҚО қолөнершілерінің ресурстық орталығы» жұмыс істеп тұр. Орталықтың миссиясы – біздің өңірдегі этнос өкілдерінің дәстүрлі қолөнерді дамыту.

Қазақстанда халықаралық аймақтық байланыстарды дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Әсіресе Ресей федерациясымен байланысымыз нәтижелі түрде жүзеге асырылуда. Мәселен, былтыр, Татарстандағы ШҚО күндері өткен. Нәтижесінде өндіріс, инновациялық технологиялар, орман шаруашылығы, көлік саласы, ауыл шаруашылығы, спорт, мәдениет, білім беру салаларындағы серіктестік жүзеге асырылуда.

Сабантой аясында Татарстан делегациясы Абай, Невзоровтар атындағы мұражайларда болып, Қазақстан мен Татарстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері Кәміл Моллашевтың жұмыстарымен танысты, облыстық дарынды балаларға арналған балет мектебіне ат басын тіреді. Полковничий аралында қаланың этномәдени ұйымдарымен бірге ағаш егіп, татар үйінде қонақ болды.

Мереке ән-бимен, ат шабысымен, халықтық ойындарымен толықтырылды. Әсіресе спорттық ойындар көптеп ұйымдастырылды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!