Қарағанды зообағында бірнеше жыл бұрын Израильден әкелінген бегемот өліп қалды

Фотография - Қарағанды зообағында бірнеше жыл бұрын Израильден әкелінген бегемот өліп қалды

Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, өлу себебі жүрек ауруынан болған, мамандар жануардың туабітті жүрек ақауы болған деп пайымдайды

270 0

Қарағанды зообағында бұдан үш жылға жуық уақыт бұрын Израильден әкелінген бегемот өліп қалды.

Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, өлу себебі жүрек ауруынан болған, мамандар жануардың туабітті жүрек ақауы болған деп пайымдайды.

Қайнаркөз деп аталатын бегемот судың ішінде өлген. Ол біраз уақыт жүзбегесін, зообақ қызметкерлері бассейнді судан тазартты, қараса, жануар өліп жатыр екен.

Жануардың өлгені туралы жұртшылық бір айдан кейін естіп білді. Келушілер вольерде екі бегемоттың орнына біреуі тұрғанын байқаған. Ұрғашы бегемот екі жасында Қарағандыға Израильден әкелінген болатын. Ол бұған дейін сафари-саябақта еркін ұсталды. Израильде оны Сара деп атайтын, Қарағандыда оған Қайнаркөз деген жаңа атау берілді.

Жануарды сатып алу 2,5 млн.теңгеге түсті, оны әкелу шығынына да сонша қаржы кетті.

Ұрғашы бегемот Юджин деген еркек бегемотпен бірге әкелінді, зообақтағылар олардан тұқым алуға үміттенген болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!