Астанадан жаңа бағыттағы пойыз жолға шығады

Фотография - Астанадан жаңа бағыттағы пойыз жолға шығады

 Жазғы демалыс маусымында жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамы 2013 жылғы 2 шілде мен 7 қыркүйек аралығында жазғы маусымға №483/484 «Астана-Адлер» халықаралық жолаушылар пойызын жіберуді жоспарлап отыр деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

247 0

Құрам 10 купеден және 7 плацкартты вагоннан құралады, оның ішінде ауысымсыз «Қостанай-Адлер», «Павлодар-Адлер» және «Қарағанды-Адлер» вагондары да бар. Пойыз аптасына 2 рет сейсенбі және сенбі күндері қатынайды. Құрам Тобыл, Орынбор, Самара, Краснодар, Сочи станциялары арқылы өтеді.

Айта кетер жәйт, жазғы маусымда қосымша пойыздарды жіберу – «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол қызметтерін көрсетудің сапасын арттыру аясында атқарып жатқан маңызды бағыттардың бірі.

Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!