Шымкенттік кәсіпкерлер әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеуге құлықсыз

Фотография - Шымкенттік кәсіпкерлер әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеуге құлықсыз

 Оңтүстік Қазақстан облысында үш мыңнан астам ірі және орта кәсіпкерден әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумға бар болғаны 140 кәсіпкер ғана қол қойды.

173 0

 Оңтүстік Қазақстан облысында үш мыңнан астам ірі және орта кәсіпкерден әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумға бар болғаны 140 кәсіпкер ғана қол қойды.

Облыста әлеуметтік жауапкершілік ісі қалай жүргізіліп жатқанын білу үшін облыс әкімі арнайы жиналыс өткізді. Белгілі болғанындай, меморандумдар 935 млн. теңгеге жасалған.

«Облыс аумағында жұмыс істеп жатқан «ҚазАтомПром» компаниясымен 4 млрд 173 млн. теңгеге және жаңа «ФеррумФтор» өнеркәсібімен 27 миллион теңгеге келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деді әкімнің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев әкім алдында есеп беру кезінде.

Белгілі болғанындай, Шымкентте, Сайрам және Сарыағаш аудандарында әлеуметтік қолдау бойынша әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеу туралы меморандумдарға кәсіпкерлерді қол қоюға көндіру қиынға соғып тұр. Мақтарал, Созақ, Шардара, Арыс аудандарында, Түркістан және Кентау қалаларында бұл жұмыс мүлде тоқтап тұр.

 


Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!