Қазақстанда жүзу сабақтары мектеп бағдарламасына енгізілуі мүмкін - ҚР ТЖМ

Фотография - Қазақстанда жүзу сабақтары мектеп бағдарламасына енгізілуі мүмкін - ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және Туризм істері жөніндегі агенттік міндетті мектеп бағдарламасына «дене шынықтыру» пәні аясында жүзу сабақтарын енгізу мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлады Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті директорының орынбасары Алексей Советов

227 0

Төтенше жағдайлар министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және Туризм істері жөніндегі агенттік міндетті мектеп бағдарламасына «дене шынықтыру» пәні аясында жүзу сабақтарын енгізу мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлады Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті директорының орынбасары Алексей Советов. 

«Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі және Туризм және спорт агенттігімен бірге жүзу сабақтарын міндетті бағдарламаға енгізу мәселесі қаралуда» деді А. Советов.

Сонымен қатар, өткен жылдан бастап министрлік балаларды жүзуге үйрету бойынша жұмысты бастап кетті. Осылайша, 2012 жылы 12,5 мыңнан астам бала жүзуді үйренді.

Оған қоса, оның айтуынша, су қоймаларының жанында орналасқан 200 балалар лагері ерекше бақылауға алынған.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!