Жамбыл облысында жұмырқадай бұршақ жауып, жүздеген мал қырылды

Фотография - Жамбыл облысында жұмырқадай бұршақ жауып, жүздеген мал қырылды

Жамбыл облысы Шу ауданында жауған бұршақтың келтірген шығындары есептеліп жатыр, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

311 0

Жамбыл облысы Шу ауданында жауған бұршақтың келтірген шығындары есептеліп жатыр, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

«16 маусымда сағат 15.00 мен 16.30 аралығында Қорағаты, Дулат пен Балуан шолақ ауылдық округ аумақтарында найзағай ойнап, бұршақ (диаметрі 30-35 мм) аралас жаңбыр жауған, солтүстік-батыстан екпіні 20 м/с дейін жететін 17 м/с жылдамдықпен жел соққан», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өткен жауын кесірі келесідей шығындар келтірген:

Қорағаты ауылдық округінде бұршақ салдарынан жайылымда жүрген 139 ұсақ мал, 350-500 үй құсы қырылып, 304 тұрғын үйдің шатыры қирап,терезелері мен сыртқы қабаттары зақымданған. Мойынқұм ауылында мектептің аумағы 520 шаршы метрге тең шатыры, терезелері қираған. Сонымен қатар арпа (95 га), бақша дақылдары (560 га), жүгері (290 га), картоп (84 га), күнбағыс (202 га), көкөніс (380 га) алқабтары зақымданған.

Дулат ауыл округінде бұршақтан 37 бас ұсақ мал, тоқ соққаннан 2 бас ірі мал қырылған. 121 тұрғын үйдің, Байбек ауылында М.Мәметова атындағы орта мектептің шарыты мен терезелері қираған. Жауын-шашыннан зардап шеккен егістіктің көлемі әлі нақтыланып жатыр.

Балуан шолақ ауыл округінде 14 тұрғын үйдің, мәдениет үйінің, отбасылық дәрігерлік амбулатория шаруашылық құрылысының жалпы аумағы 416 шаршы метрге тең шарыты мен терезелері шағылған. Зақымданған егістік алқабының көлемі – 9 га.

Шу аудандық әкімшілігі ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, ТЖ салдарынан бұршақ 5046 га-ға тең алқабты зақымдаған, оның 2500 га аумағы сақтандырылған.

Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, олар келтірілген шығындарды есептеу, зақымданған нысандарды қалпына келтіру және халықтың шығынын өтеу көлемін анықтау үшін ауыл округтерін аралау жұмыстарын жүргізуде. 


Тегтер:

апат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!