Жазасын өтеушілер орта білім туралы аттестат алды

Фотография - Жазасын өтеушілер орта білім туралы аттестат алды

Ақтауда ГМ –172/1 қатаң режимдегі түзету мекемесінің 63 жазасын өтеушілерге мектеп бітіргені туралы аттестат табысталды. 

334 0

Ақтауда ГМ –172/1 қатаң режимдегі түзету мекемесінің 63 жазасын өтеушілерге мектеп бітіргені туралы аттестат табысталды. 

Бала кезінде орта білім ала алмай, темір торға тоғытылған жандар осы түзету мекемесінде білім алды. Мекеме арнайы әдістемелік оқу құралдарымен жабдықталған. Мұнда жоғары деңгейлі 16 оқытушы жалпы орта білім стандартына сай дәріс береді. Салтанатты шарада 30-40 жас аралығындағы 60-тан астам жазасын өтеуші өздерін мектеп бітіруші ретінде сезінді. Мұнда сондай-ақ дәнекерлеуші, электрик, темір ұсташы, механик және тағы басқа да мамандықтар бойынша арнаулы орта білім беретін оқу орны бар. Жазасын өтеушілер осында мерзімдері біткенше белгілі бір мамандықты иеленіп, түзету мекемесінен шыққанда жаңа өмірге қадам басуға мүмкіндік алады.

Игорь ЕМЕЛЬЯНОВ, жазасын өтеуші:

-Түрлі себептерге байланысты жас кезімде орта білім ала алмадым. Міне, енді қолыма аттестат алған соң, биыл техникалық арнаулы оқуға түсу жоспарымда бар. Автокрановщик мамандығын таңдадым. Мүмкіндік болса, екі бірдей мамандықты игерсем деймін.

Серік ЖОМАРТОВ, ГМ –172/1 түзету мекемесінің бастығы:

- Мектебіміздің жанынан колледж ашылған. Аттестат алған жазасын өтеушілер осы колледжде білімдерін жалғастыра алады. Колледжді бітіргеннен кейін дипломдарына сәйкес жұмыстар табылады.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!