Жаңа мешіт ашылды

Фотография - Жаңа мешіт ашылды

 Кеше Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала елдімекенінде еңселі мешіт бой көтерді. ҚМДБ төрағасы Е.Маямеров мешіттің ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады. 

204 0

 Кеше Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала елдімекенінде еңселі мешіт бой көтерді. ҚМДБ төрағасы Е.Маямеров мешіттің ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады. 

«Құрметті бауырлар, біз бүгін үлкен тарихи сәттің, қуаныштың куәсі болып отырмыз. Мешіт ашылса – елге құт. Өйткені, қазақ халқымыз мешітті құтхана деп атаған. Құлшылық үйі – береке мен бірліктің бастауы, адамдарды имандылыққа шақыратын оқу ордасы. Алла үйінде жасалған әрбір ізгі амалдың сауабы еселенеді. Мешітті салдырудың сауабы да теңдессіз. Осындай игі бастамаға ұйытқы болған Дүйсетай қажы Бекежанұлы әулетіне алғысымды білдіремін. Алла тағала істеріңізді сауаптан жазғай! Құтханаларыңыз құтты болғай!» – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Бас мүфти жаңа мешіттің имамы Ғайбулла Ермаханұлын жамағатқа таныстыра келе, былай деді: «Қадірменді ақсақалдар, ауыл тұрғындары, дін жанашырлары, шығыстың бір нақыл сөзінде: «Үйдің терезесі ашылса, сырттан саф ауа да, шаң-тозаң да кіреді», – делінген. Сол секілді, елімізге Ислам діні келгелі онымен бірге сал-дәстүрімізге жат діни ағымдар да есігімізден енді. Осы орайда сіздерді жаңа имамға біріңіз таяныш, біріңіз сүйеніш болып, ағалық ақыл-кеңестеріңізді айтып, халқымызға бірге қызмет етуге шақырамын».

Айтулы шарада Бас мүфтидің «Таным тұғыры» атты кітабының тұсауы кесілді. Жиналған жұрт жаңа кітаптың тұсаукесері жаңа мешіттің ашылу салтанатты рәсіміне сәйкес келгенін жақсылыққа балады.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!