Freedom House: Орталық Азияда авторитарлық билік күшейді

Фотография - Freedom House: Орталық Азияда авторитарлық билік күшейді

Freedom House ("Фридом Хаус") халықаралық құқық қорғау ұйымы Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы өтпелі кезеңді бастан кешіп жатқан елдердегі азаматтық қоғамның дамуы турасында есебін жариялады.

237 0

Freedom House ("Фридом Хаус") халықаралық құқық қорғау ұйымы Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы өтпелі кезеңді бастан кешіп жатқан елдердегі азаматтық қоғамның дамуы турасында есебін жариялады.

Онда өткен жылы Орталық Еуропа мен Орталық Азияда автократиялық үкіметтердің билігі күшейіп, демократияның дамуы кідірістегені айтылады.

Freedom House сарапшылары Өзбекстан мен Түркіменстанды биыл да аймақтағы азаматтық қоғамның дамуы ең төмен елдер ретінде атаған. Ұйым Әзербайжан, Тәжікстан мен Беларусь билігі үкіметке наразыларды қудалауды күшейткенін, Қазақстан жұмысшылар шеруін басып-жаншығаны айтады.

Құқық қорғау ұйымы авторитарлық биліктің орныға түсуі бұл аймақтардағы сыбайлас жемқорлықтың одан ары тамыр жаюына, ақпарат құралдарына салынатын цензура және саяси оппозицияға қарсы қудалаудың күшеюіне әсер етіп отыр деген қорытынды жасайды.


Тегтер:

мәдениет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!