Алматыда қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жалғасуда

Фотография - Алматыда қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жалғасуда

Бұл жөнінде «KNK - Service» ЖШС-да мәлімдеді.

229 0

Алматыда ветеринария қызметі қаңғыбас иттерді аулауды жалғастыруда. Осылайша, қаладағы Түркісіб ауданында 1 939 ит ауланып, оның бар болғаны 4-уі ғана иелеріне қайтарылған. Бұл жөнінде «KNK - Service» ЖШС-да мәлімдеді.

«Бостандық ауданында 4 наурыз бен 17 маусым аралығында 1 398 ит ауланып, 50 иттің өлі денесі табылған; Медеу ауданында «KNK - Service» ЖШС қызметкерлері 26 наурыз бен 17 маусым аралығында 1 295 ит аулап, 67 иттің өлі денесін тапқан. Ал Түркісіб ауданында 1 наурыз бен 17 маусым аралығында біз 1 939 ит аулап, 49 иттің өлі денесін таптық және 4 ит иелеріне қайтарылды», – деді «KNK - Service» ЖШС-да.

«Біз қаңғыбас иттерді аулап, оларды ветеринария стнасаларына тапсырамыз. Ол жақта ауланған иттерді ұйықтатып тастайды», – деді «KNK - Service» ЖШС-да. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!