Жұрт маршруттың жарты жолдан тастап кететініне наразы

Фотография - Жұрт маршруттың жарты жолдан тастап кететініне наразы

Жол азабын жүрген білер.

253 0

Жол азабын жүрген білер. Оның ауыртпалығымен Атырау облысының әкімі Б. Ізмұхамбетовтың блогына шағымданып отырған Мирас ауылының тұрғындары да жақсы таныс.Тұрғындардың арызын хатқа түсірген Айша Утенияздың сөзіне құлақ түрейік.

«Атырау облысының Геолог әкімдігіне қарасты Мирас селосына қаладан қатынайтын маршрут күні бүгінге дейін шыққан жоқ. Қ.Ибрагимовтың 25.01.2012. шешімімен көрсеткен анықтамасында №54 маршрут шығады делінген (бұл кісі жолаушы тасымалына жауапты ресми тұлға болса керек-авт.), бірақ ол бойынша ешқандай нақты іс-шара жасалынған емес.

Бұл №54 маршрут ол заманнан бері Бірлік -Новостройка-Дина базарына қатысатын маршрут екенінен хабарсыз адамның жауабы деп түсінеміз. Жолаушы тасымалын ауыл тұрғындарына ыңғайлы етіп село ішімен жүретіндей, оның ішінде де жаңа ашылатын мектепке, Дина базарына қатынайтын маршрутқа қоюыңызды сұраймыз. Тіпті жеке маршрут шығармаған жағдайда «Жұлдыз-Дина» маршрутының Мирас селосының(Геолог-2) соңғы аялдамасына дейін маршрут келу схемасына енгізуіңізді сұраймыз»,– депті Айша жолаушы тасымалының ұйымдастырылуына наразы жұрттың атынан сөз алып.

Облыс әкімі арызданушыға «Мирас» ықшам ауданына жаңадан маршрут ашу немесе № 54 маршруттың соңғы аялдамасын емханаға дейін ұзарту мәселесі ашық конкурс (тендер) өткен кезде қарастырылады деген жауабын жолдапты.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!