Павлодар облысында шегірткеге қарсы дәрілеу жұмыстары жүріп жатыр

Фотография - Павлодар облысында шегірткеге қарсы дәрілеу жұмыстары жүріп жатыр

Биылғы жылы Павлодар облысында 22,2 мың гектар алқапқа шегірткенің итальяндық прус түріне қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіледі

120 0

Биылғы жылы Павлодар облысында 22,2 мың гектар алқапқа шегірткенің итальяндық прус түріне қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіледі.

Мамыр айындағы ауа температурасының төмендігі мен жиі түскен жаңбыр зиянкестің жұмыртқасы шығатын мерзімді кейінгіге шегерді. Сәйкесінше танап басындағы өңдеу жұмыстары да әдеттегіден кешірек басталды. Мамандар егінжайды дәрілеуге 12 маусымнан кірісіп кетті. Барлық шаруалар жоспарға сәйкес атқарылуда.

Жыл сайын шегірткеге қарсы дер кезінде және сапалы жүргізілген дәрілеу жұмыстарының  арқасында олардың саны азайды.

Аймақта саяқ шегіртке бас көтеретін аумақ 29 пайызға (22,4 мың гектарға дейін) кеміді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!