Арал теңізі қалпына келе бастады

Фотография - Арал теңізі қалпына келе бастады

Арал теңізі қалпына келе бастады. Құрғау процесі бәсеңдеді, деп мәлімдеді РҒА Океанология институты директорының орынбасары Петр Завьялов РҒА президиумының отырысында оқыған баяндамасында

284 0

Арал теңізі қалпына келе бастады. Құрғау процесі бәсеңдеді, деп мәлімдеді РҒА Океанология институты директорының орынбасары Петр Завьялов РҒА президиумының отырысында оқыған баяндамасында.

Завьяловтың айтуынша, 1960 жылдан бері Сырдария мен Амударияның суы жер суаруға жұмсалып келді. Сондықтан бұл өзендерден Аралға болмашы су жетіп, жалпы ауданы 4 есе, ал су мөлшері 10 есеге дейін қысқарған. Сондықтан теңіздің тұздылығы бірден артып, қазір бұл суқойма ультрагалинді деңгейге жатқызылған.

Теңіз үш жеке бассейннен тұрады, әр бассейннің арасы бөгетпен бөлінген. Арал теңізі шамадан тыс тұзды болғанына қарамастан, онда тіршілік ететін жәндіктер бар.

Ғалымның айтуынша, «теңіз қазіргі уақытта бір қалыпқа келе бастады. Өйткені су айдынының аумағы қысқарған. Тиісінше, булану процесі де бәсеңдеген. Бұған қоса, жер асты суы теңіздің қалпын сақтауға ықпал етеді».

«Арал теңізі бұған дейін екі мың жыл бұрын құрғап, 400-500 жыл бұрын бүгінгі қалпына келген. Сондықтан теңіздің құрғауы тек антропогендік факторлардың емес, сонымен қатар, табиғи климаттық өзгерістерге де байланысты деуге толық негіз бар», - дейді Завьялов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!