Батысқазақстандық полицейлер ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолұшын созды

Фотография - Батысқазақстандық полицейлер ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолұшын созды

Қазақстан полициясының құрылғанына 21 жыл толуына орай БҚО ішкі істер департаменті облыстық балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді

172 0

Қазақстан полициясының құрылғанына 21 жыл толуына орай БҚО ішкі істер департаменті облыстық балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді.

Департаменттің баспасөз қызметінен Асылай Ғұбашеваның хабарлағанындай, шараға департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Өтеулин, «Динамо» спорт қоғамы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Павел Ставкин қатысты.

Бұл шараны өткізудегі мақсат полиция қызметкерлерінің жазғы каникул кезінде балалардың көңілін көтеріп, өз өнерлерімен бөлісу еді. Себебі балалар үйінің әр тәрбиеленушісі ата-ана қамқорлығына, мейіріміне зәру екені белгілі. Тәртіп сақшылары кездесу сәтінде қоғамдағы тәртіпті сақтаумен және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен бірге шығармашылық және көркемдік өнерден де қалыс емес екендіктерін көрсете білді. Бір отбасы, бір үйдегідей тату-тәтті өмірге бейімделген балаларға арналған мерекелік концерт көңілді өтті.

Қайырымдылық шарасы аясында өнерпаз тәртіп сақшылары бүлдіршіндерге концерттік бағдарлама ұсынса, қалалық эстрадалық-цирк тобы сахналық көрініс көрсетіп, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Көрсетілімнен кейін Б.Өтеулин балаларға жылы сөздерін арнап, бүлдіршіндерге полиция қызметкерлері және «Динамо» спорт қоғамы, сондай-ақ, ішкі істер органдарының ардагерлері атынан дайындалған спорттық жабдықтар мен түрлі ойыншықтарды сыйға тартты. Келген қонақтар да балалардың өнерлерін тамашалап, ән айтып, би билеп, бір жасап қалды.

Кездесу соңында балалар үйінің директоры Раиса Наурызова шын жүректен ризашылығын білдірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!