Өскеменде облыс мектептері түлектерінің «БЕЛЕС-2013» атты бал кеші өтті

Фотография - Өскеменде облыс мектептері түлектерінің «БЕЛЕС-2013» атты бал кеші өтті

Мереке соңы отшашу мен би кешіне ұласты.

218 0

Кеше Өскемен қаласындағы Амфитеатрда облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен облыс мектептері түлектерінің «Алтын белгі» иегерлері және халықаралық, республикалық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлерінің І қорытынды балы болып өтті. Мерекелік шара «Белес-2013» ұранымен өткізілді.

Шараға облыстағы жалпы білім беретін мектептерден 265 түлек қатысты. Олардың 140-ы «Алтын белгі» иегерлері болса, 115-і халықаралық, республикалық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері. Түлектер арасында Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің қортындысы бойынша облыс бойынша ең жоғарғы 123 бал жинаған Жарма ауданындағы Маяковский орта мектебін бітірген Байғалиев Мағжан мен Өскемен қаласындағы №3 мектеп-гимназиясының оқушысы, 121 бал жинаған Қайырғалиева Дана бар. Сонымен қатар, 120 балдан жинаған осы мектеп гимназияның түлегі Мұратбекова Әйгерім, Зырян қаласындағы №9 орта мектептің түлегі Рахатқызы Мақпал және Жарма ауданындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясын бітіруші – Әмин Исламдар қатысты.

Балға мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы облыстық «Интелектуалды марафон» олимпиадасының жеңімпаздары да қатысты. Алдағы уақытта олардың екеуі, яғни Калинко Надежда мен Дүйсембеков Махамбет, мамыр айының соңында Польша мемлекетінің Варшава қаласында өтетін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Халықаралық олимпиадаға қатысады деп күтілуде.

Түлектерге облыс әкімі Б.Сапарбаев «Алтын белгі» төс белгісі мен бағалы силықтарды табыс етті. Ал дарынды түлектер өңір басшысы Бердібек Машбекұлына әр уақытта көрсеткен қолдауы үшін ізгі ықыластарын білдіре жазған тілектері бар фотоальбомды табыс етті.

Айтулы шараға түлектер ата аналарымен бірге облыстың танымал адамдары, еңбек ардагерлері және ұстаздар қауымы қатысты. Қонақтар Асанәлі Әшімов пен Бибігүл Төлегенованың бейне құттықтауын тамашалады.

Мереке соңы отшашу мен би кешіне ұласты.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!